Франчайзинг
Ресейде жаңа бизнес бастаған кезде дамып отырған нарықтың экономикалық ерекшеліктерін, аймақтың ерекшеліктерін, саланың даму өлшемдерін ескеру қажет. Өз бизнесіңізге қаражат инвестициялауды жоспарлау барысында Сіз аяғынан тұрып, елге танымал болған компанияның франшизасын пайдаланып, көптеген тәуекелдерден құтыла аласыз. Бизнесті франшиза пайдалану жолымен дамыту статистикасы көрсетіп отырғандай, ондай бизнестердің 70%-ы табысты болып, 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде өөзін-өзі өтейді екен.
Курьерлік қызмет франшизасы – Сіздің бизнесіңізді дамытудың келешегі зор бағыты. Дұрыс ыңғай танытқан жағдайда істі бастауға аз ғана қаражаттың жеткілікті болуы, қызметтің нарықта сұранымға ие болуы жылдам дамып, жыл сайын айналымды 25–40% еселеп өсіруге мүмкіндік береді. РФ және ТМД-ның бірқатар аймақтарында (көбінесе тұрғындар саны 200 000 – 500 000 адамды құрайтын қараларда) курьер арқылы жеткізу қызметтері сегменті белсенді дамуда. Бұл орайда өз мүмкіндіктеріңізге баға бере отырып, әріптесті дұрыс таңдау мәселесі аса маңызды болып табылады.
DIMEX-тің франчайзинг бағдарламасы — курьерлер арқылы жеткізу бизнесін дамытудың қазіргі заманғы технологиясы. Өндірістік үдерістер стандарттарының жоғары деңгейде болуы, аймақтың нарығын және ТМД нарығын жете білу, қызметтердің кең ауқымын көрсетуді бизнес жүргізудің барлық сатыларында жұмысыңызды айқын үйлестіріп отырумен сәйкестендіруіңіз жаңа бизнесті барынша тиімді түрде бастауға жол ашады. Қаржылық тұрғыда тексерілген үлгіге қаражат салып және DIMEX талаптарын орындай отырып, Сіз дайын бизнес шешімін алып, табысты брендпен жұмыс істей бастайсыз. DIMEX франшизасы — қарқынды дамып жатқан курьерлік қызметтер саласына кірудің ең дұрыс тәсілі.