07/02/2018
DIMEX – курьерлік қызмет нарығында 20 жыл
Осыдан 20 жыл бұрын Ростов-на-Дону қаласында Ресейдегі шұғыл жеткізудің ірі операторларының бірі – «DIMEX» компаниясы құрылды.
Компания қызметінің негізгі бағыты – Ресей, Кедендік кеңес, жақын және алыс шет елдер бойынша корреспонденция мен жүктерді курьерлік жеткізу.
Бүгінгі таңда Компанияның жеке кеңселері Ресей, Қазақстан, Беларусь Республикасы, Украина, Абхазия, Эстония, Қызғызстан Республикасы, Молдова мен Грузияда орналасқан. DIMEX – 100 астам жеке кеңселері мен 1000 астам өкілділіктен тұратын желі.
Тарих парағы
Өз қызметін 1998 жылы бастаған «DIMEX» компаниясы Ростов қаласы мен Ростов облысының нарығына қызмет көрсетумен айналысты. Өзіндік өңірлік желі құру және сауда маркасын тіркеу туралы шешім 1999 жылы қабылданды.
1999 жыл мен 2006 жылдың арасында барша ел бойынша 40 өңірлік кеңсе ашылды, ал 2007 жылдың сәуір айында «DIMEX» компаниясы Украинадағы курьерлік қызмет нарығына шықты, Киев және Одесса қалаларында кеңселер ашылды. Компанияның халықаралық дамуы Белорусь Республикасында (2007 жылы), Қазақстанда (2008 жылы), Абхазияда (2011 жылы), Эстонияда (2013 жылы), Арменияда (2015 жылы), Қызғызстан Республикасында (2016 жылы), Молдовада (2016 жылы) кеңселер және сонымен мен Грузияда (2017 жылы) өкілдік ашумен жалғасын тапты. Көрсетілетін қызметтің сапасын сақтау үшін Компании «DIMEX» компаниясында Мәскеу қаласында орналасқан өзіндік существует собственный логистический центр «ДАЙМЭКС-Корпорэйт» логистикалық орталығы бар.
Нарықтың талаптарына сай келе отырып, Компания қызметтің әртүрлі түрлерін әзірледі. Логистиканың үйлесімді жүйесі «DIMEX» компаниясына «жүктерді үнемді жеткізу» бағытын табысты дамытуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Компанияда қызметтің жеке бағыты – «direct mail» ерекшеленді. Корреспонденция мен жарнамалық материалдарды мекен-жайға жеткізу қызметі нарықта кеңінен сұранысқа ие болды. Ғаламтор-саудасын дамыту арқылы ғаламтор-дүкендер үшін жеткізу қызметі де талап етіле бастады.
Мақтан тұту себебі
Біз өз клиенттерімізді мақтан тұтамыз! Бүгінгі күні «DIMEX» компаниясымен 300 мыңнан астам ұйым жұмыс істейді. Осы жерде «DIMEX» компаниясы қызмет көрсету деңгейін бақылап және жақсарта түсіп, ұсынылатын қызметтердің тізімін кеңейте отырып, клиенттің талабына қарай тұспаланатындығын айта кету керек.
Біз өзіміздің Компанияны толыққанды мақтан тұтамыз. Компанияның жастығы қызметкерлердің үлкен тәжірибесі мен кәсіпқойлығымен үйлесе отырып, тұрақты өсу мен табысты даму үшін дем береді.
«DIMEX» компаниясы өз қызметкерлерінің кәсіпқойлық дәрежесіне ерекше назар аударады, сондықтан Компания менеджерлері жоғары білікті мамандар болып табылады, ол өз кезегінде ең талғампаз деген клиенттің де қоятын талаптарына сәйкес келетін қызмет көрсету сапасына кепіл береді.
Компания Кедендік кеңес елдерінде, жақын және алыс шет елдерде өз қатысуын кеңейте отырып, өз дамуды жалғастыруда.