Интернет-дүкендерге арналған тарату
Бүгінде интернет біздің өмірімізге нық еніп алды. Ғалам торына кез келген дерлік жерде: кафеде, сауда орталықтарында, жұмыс орындарында, тіпті қлғамдық көлікте немесе меншікті автокөлікте кіруге болады. Интернет дамуының арқасында кез келген ақпарат не тауар қолжетімді болып, қалалар мен елдер арасындағы шекаралар жойылды. Енді ұлан-ғайыр Отанымыздың кез келген қаламыздан ғана емес, одан тысқары жерлерден де өзіңе ұнаған затты сатып алуға болады. Алайда сатып алынған тауарды тапсырысшының қаласына тасымалдау мәселесі өзекті болып табылады, сондықтан клиенттерде қосымша сұрақтар пайда болады.
Менің сәлем-сауқатым қанша уақытта келеді? Менің тапсырысым – сүйікті адамыма мерекелік сыйлығым еді. Оны белгіленген мерзімге жеткізе аласыздар ма? Мен алдын ала төлем арқылы төлем жасаймын, менің сатып алған затымның жеткізілетініне кепілдік бар ма? Мен сынғыш затқа тапсырыс бердім, ол жолда сынып қалмай ма?
Интернет-дүкендермен және олардың тапсырысшыларымен (сатып алушылармен) жұмыс істеу үшін арнайы әзірленген технологияның арқасында DIMEX барлық туындайтын мәселелердің шешімін табады. Және де DIMEX тіпті талабы өте жоғары клиенттердің талаптарына сай келетін қызмет деңгейін қамтамасыз етуге тырысады.
Біздің жұмысымыз – сатып алушының интернет-дүкенге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, оның дәл сіздерден тағы да бір зат сатып алу ниетін туындату. Бұл орайда DIMEX компаниясы бізбен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін қосымша қызметтер кешенін әзірледі.
DIMEX – бизнесіңіздегі сенімді әріптесіңіз. DIMEX-пен жұмыс істей бастасаңыз, қолайлылық пен көрсетілетін қызметтердің сапасы дегеннің не екенін білесіз.
Интернет-дүкендер үшін артықшылықтары
- Қызмет атқарған кезеңінде DIMEX бүкіл Ресей ацмағында және одан тыс жерлерде кең ауқымды логистикалық желіні құрып, соның арқасында жөнелтімдердің мәлімделген мерзімде жеткізілетініне кепілдік бере алады.
- Бұл орайда алушыға сәлем-сауқаттың келіп жетуі туралы хабар беріп, оны клиентке ыңғайлы уақытта жеткізіп беру міндетті шарт болып табылады.
- Курьерді телефон, электрондық почта, DIMEX сайты, DIMEX сайтындағы «Жеке кабинет» жүйесі арқылы шақыру мүмкіндігі
- Курьердің жеке кесте бойынша бару мүмкіндігі
- Бірнеше қорғаныш дәрежесі бар орамның берілуі
- Жартылай толтырылған жүкқұжаттардың ұсынылуы
- Жүкті жеткізудің барлық кезеңдерінде жөнелтімді бақылау жүйесі
- Алушы клиент бас тартқан жағдайда тауарды қайтарудың қолайлы үлгілері
- Қажетті үлгімен жасалған жеткізу туралы есептің берілуі
- Бухгалтерлік құжаттардың уақтылы ұсынылуы
- Қабылданған ақшалай қаражаттың 1-2 апталық мерзім ішінде қайтарылуы
- Тауарды сұрыптау,құрамдау және жеткізу міндетін DIMEX өзі көтереді
- Әртүрлі жұмыс үлгілері: интернет-дүкеннен клиенттің (алушының) есігіне дейін, интернет-дүкеннен DIMEX қоймасына дейін
- Жеткізу нұсқалары: қала ішінде, ел аумағында, халықаралық жеткізілім.
Сатып алушылар үшін артықшылықтары
- Жеткізу мерзімдері ең қысқа
- Жұмыстан тыс уақытта жеткізу мүмкіндігі
- Жеткізу барысын DIMEX сайтында жүкқұжат бойынша бақылап отыру
- Жөнелтімнің сақталымдығына сенімділік
- Алушыға сәлем-сауқаттың келіп түсуі туралы хабарлау
- Ақысын төлемей тұрып, тауарды қарап алу (киіп көру) мүмкіндігі
- Тауарды қайтарудың оңайлатылған жүйесі
- Тек басқа қалаға ғана емес, басқа елге де тауарға тапсырыс жасау мүмкіндігі
- Тауардың құнын жеткізілгеннен кейін ғана төлеу мүмкіндігі