Жүк түрлеріне сай орам түрлері
Жеткізуге қабылданған жүктердің сипаттамасы. Жүктің қапталуы
Жөнелтуші Орындаушыға жүкті тасымалдауға дайын күйінде, оның қаупсіздігі мен амандығын сақтай отырып, сондай-ақ көлік құралын зақымдамайтын жағдайда табыстауы қажет. Жүктің қабы ішіндегі затты ала алмайтындай түрде оралып, қажетті белгімен белгіленуі тиіс.
Қаптау түрлері
Қатты орамдар
1. Шере және ағаш жәшіктер.
2. Тор.
3. Амортизациялық төсемдері бар шере және ағаш жәшіктер.
4. Герметикалық металл бөшкелер мен құтылар.
5. Барабандар, орауыштар.
Металдан, пластмассадан, ағаштан, әйнектен, картоннан, ағаш-талшықты материалдардан және қағаз массаларынан дайындалады.
Жартылай қатты
6. Гофрленген картоннан әзірленген қораптар (соның ішінде ДАЙМЭКС-тің фирмалық қораптары).
7. Ішіндегісін қосымша қорғайтын гофрленген картоннан әзірленген қораптар (ішкі жақтаулар, амортизациялық төсемелер, поддон)
8. Тор ішіндегі герметикалық пластик бөшкелер, канистрлер мен құтылар.
Дайындау үшін пластмасса, қағаз, картонның кейбір сұрыптары, полимер материалдары пайдаланылады.
Жұмсақ
9. Полипропилен мен тоқыма маталардан дайындалған мөшектер.
10. Полиэтиленді, көп қабатты қағазды мөшектер (соның ішінде ДАЙМЭКС-тің фирмалық сейф-қаптары мен конверт-қаптары).
11. Қабықша (стрейч-қабықша немесе «севилен», ауа-көпіршікті қабықша және тағы басқалары), қаптама қағаз.
Матадан, қабықшадан, қағаздан, полимерлі және аралас материалдардан дайындалады
ТҮРЛІ ЖҮКТЕРДІ ҚАПТАУ ТҮРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
Жүк түрлері |
Қолданылатын қаптама түрі |
Тоқыма материалдар, тігін, трикотаж, былғары, жүн өнімдері. |
6; 9; 10; 1; 2 |
Магнитті тасымалдаушылар, тағам түрлері, шағын тұрмыстық және кеңсе техникалары (үтіктер, фендер, шәйнектер, картридждер, телефондар, фотоаппараттар және тағы басқа). |
6; 7; 1; 2; 3 |
Құрғақ кондитерлік және жемісті-көкөністі өнімдер, қоспалар, дәмдеуіштер, құрғақ дәрі-дәрмектер (дәрілер, дәкелер, мақта және т.б.) және медициналық өнімдер. |
|
Ұсақ қосалқы бөлшектер, аксессуарлар, толымдаушылар, галантерея, ойыншықтар, сағаттар, кәдесыйлар, тұрмыстық тауарлар, тазалық құралдары, қағаз және картоннан жасалған өнімдер. |
|
Металл және бір реттік ыдыс, спорт және бау-бақша жабдықтары (бөлшектелінген түрде), электротехникалық өнімдер, жануарларға арналған аксессуарлар мен жемдер, жөндеу жұмысына арналған тұрмыстық құралдар, майшамдар, шамдар, металбұйымдар. |
|
Берік тұтынушылық ыдыстағы заттар: әрлеу материалдары, кеңсе тауарлары, тұрмыстық және автохимия, фототауарлар, бояу, түрлі жақпа материалдар |
6; 7; 1; 2; 3 |
Тағам өнімдері (жылдам бұзылатын және тасымалдаудың арнайы тәртібін қажет ететіндерден басқа), дәрі-дәрмектер, парфюмерлік-косметикалық өнімдер, сусындар, орта және үлкен тұрмыстық техника. |
1; 2; 3; 7 |
Осал тұтынушылық ыдыстағы өнімдер: өңдеу материалдары, кеңсе тауарлары, тұрмыстық және автохимия, фототауарлар, бояу, түрлі жақпа материалдар. |
1;2; 3 |
Сантехника (себезгі кабиналары, ванналар, унитаздар, раковиналар және т.б.), қаптайтын материалдар, шыны және фаянс ыдыс, аспашамдар, жабдықтаудың барлық түрлері (энергетикалық, өнеркәсіптік, әлеуетті, сауда, медициналық, спорттық жаттығу құралдары, өнеркәсіптік құрал-саймандар), электростанциялар мен электроагрегаттар, сондай-ақ білдектер, механизмдер, ойын автоматтары |
|
Жиһаз (бөлшектелген түрде), кесілген материалдар (плиталар, фанерлер), есіктерге, перделерге, терезелерге, терезе алды тақтайларына арналған пластик панельдер, механизмдердің бөлшектері мен түйіндері, металл өнімдер, (парақтар, тілмелер, иілген профильдер, шыбықтар, құбырлар), терезелер, такелаж, мототехника, электролитсіз аккумуляторлар, музыкалық аспаптар. |
|
Әйнек (терезе, автокөлік), витриналар, айналар, өңдегіш қоспалар мен бетоннан, тастан, балшық, әйнек және гипстен әзірленген декоративтік өнімдер. |
3 |
ГОСТ 19433-88 бойынша қауіпсіз емес деп танылған кез келген сұйық өнім |
4; 8 |
Ұнтақ тәріздес құрғақ және гранулды материалдар, өсімдіктердің жуашықтары |
10 |
Жүктің сипаттамасы орамына сай келмеген жағдайда, Тапсырыс берушімен (Жөнелтушімен) келісіп, жүкті қосымша қаптауға болады. Жұмсақ орам: қорабтар, картон, мөшектер, стрейч-қабыршақтар – тегін ұсынылады. Қатты орамдар ақылы қызмет болып саналады және қолданыстағы Тарифке сәйкес төленеді.
Жүк орамасына сай болмаған жағдайда, жүкті қабылдау кезінде Орындаушы жүктің зақымдануына жауап бермейді деп келісіледі. Орындаушының өкілі ДАЙМЭКС-тің жүкқұжатына ораманың Орындаушының талаптарына сай еместігі туралы белгі қоюды. Орындаушы тасымалдаудың қолданыстағы ережелерімен немесе РФ заңнамасымен тасымалдауға тыйым салынған заттарды, материалдарды немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ: дәрімен атылатын, қысымды, газды және суық қарулар мен олардың бөлшектерін, оқ-дәрілерді, отшашуларды, дабылды ракеталар мен патрондарды; радиоактивті, жарылғыш, улы, күйдіргіш, жылдам тұтанатын және тағы басқа қатты қысымдағы қауіпті заттарды; жарылысқа қауіпті, жанғыш, уытты, тотығуға бейім заттарды, есірткілі заттарды, психотроптық және қатты әсер ететін заттарды, шетелдік валюталарды және РФ-ның ақша белгілерін, жол шектері, құнды қағаздар, несие карталары; зергерлік бұйымдар мен құнды материалдардан әзірленген заттарды, тірі немесе өлі жануарлар мен өсімдіктер, адамның дене мүшелері мен қалдықтары (күл түрінде); жылдам бұзылатын заттары бар жүктер мен сақтаудың және/немесе тасымалдаудың ерекше жағдайын талап ететін заттарды; сипаты жағынан немесе оралуы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын жұмысшылар үшін қауіп төндіруі мүмкін, өзге жүк орындарын ластайтын және бұзатын жүктерді тасымалдамайды.
Орындаушыға тасымалдауға тыйым салынған жүкті әдейі немесе байқамай тапсырған Тапсырыс беруші Орандаушыны жауапкершіліктен босатады және Орындаушыға осыған байланысты барлық құжат бойынша расталған шығындардың орнын толтырып береді.
Тапсырыс беруші тасымалдау кезінде қандай да бір температуралық тәртіптің сақталғанын талап ететін жүктерді Орындаушы қабылдамайды.