KAZ | ENG | RUS
  • Елді таңдау
    • Абхазия
    • Армения
    • Беларусь
    • Грузия
    • Қазақстан
    • Қырғызстан
    • Ресей
    • Өзбекстан
    • Украина
    • Эстония
  • Басты бет
  • Қадағалау
    • Жүкқұжат бойынша қадағалау
      Интернет-дүкеннің тапсырыс нөмірі бойынша қадағалау
  • Жеке кабинет
  • Маманға сұрақ қою
  • Курьер шақыру
    • Телефон арқылы шақыру +7 7172 57-36-28, 57-36-18
    • Үлгі көмегімен
    • Жеке кабинет арқылы шақыру
Сіздің қала Нур-Султан

Дұрыс

  • Компания туралы
    • Компания тарихы
    • Бүгінгі DIMEX. Сандар мен фактілер
    • DIMEX философиясы
    • Сұр қарлығаштың ұшуы.
  • Ынтымақтастық
    • Клиент болу
    • Интернет-дүкендерге арналған қызметтер
    • Франчайзинг
    • Өкіл (агент)
  • Акциялар
  • Құжаттама
    • Төлем туралы кепілдік хат
    • Инвойс
    • Жүкқұжат
    • Қайта адрестеу бланкі
    • Көлемді салмақтың формуласы
    • Жанармайдың үстеме бағасы
    • Сіздің қаладан жөнелту
  • Орам
    • Жүк түрлеріне сай орам түрлері
    • DIMEX компаниясы ұсынатын орам түрлері
  • Қызметтер және сервис
    • Жылдам жеткізілім
    • Үнемді жеткізу
  • Калькулятор
for printing
Компания тарихы

Компания тарихы

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Ресейде халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды даму кезеңі бастады. Трансұлттық компаниялармен жұмыс істеу халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді талап етті. Ғасырлар бойы экономикалық және сауда-саттық қатынастарында мол тәжірибе жинап, дамыған Ростовта 1998 жылы әлемдегі курьерлік компаниялардың нақты жұмыс тәжірибесіне сүйеніп және Ресей нарығының ерекшеліктерін ескеріп,  курьер арқылы жеткізу және жүк жеткізу қызметін көрсететін халықаралық кәсіпорын – DIMEX компаниясы ашылды.

DIMEX Компаниясының бәсекелестік артықшылықтарының бірі – хат-хабарлар мен жүктерді кез келген көлік түрімен жеткізуге қабілеттілігі, ал бұл жайт осы қызметті оңтайлы мерзімде көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіндігін туғызады.

DIMEX бірқатар жылдар бойы Компания атынан іс-әрекеттер жасайтын елдердегі көшбасшылардың бестігінен орын алып отыр.

Курьерлік қызмет нарығында жұмыс істеген уақыт ішінде DIMEX компаниясы Ресей аумағында және шет елдерде кеңселердің үлкен желісін құрды. Бүгінде Қазақстан, Беларусь, Абхазия және Эстонияда Компанияның меншікті кеңселері бар.  DIMEX — Ресей және жақын шет елдердің қалаларында 100-ден астам меншікті кеңсесі және 1 000-нан астам өкілдіктері бар желі.

DIMEX Компаниясы — хат-хабарлар мен жүктерді курьер арқылы жеткізудің заманауи технологиялары мен қызметтерін қолдану саласындағы көшбасшы.

DIMEX жайғасымы

DIMEX компаниясының негізгі қызмет бағыты — Ресей, Кеден одағы, жақын және алыс шет елдер аумағына хат-хабарлар мен жүктерді курьер арқылы жеткізу. DIMEX — жеткізудің жаңа технологиялары мен қызметтерін енгізу және қолдану саласындағы нарық көшбасшысы. Желі жұмысының біртұтас ақпараттық өрісте өрбитіні деректерді өңдеу жылдамдығын бірнеше есе ұлғайтып, жөнелтімдердің қаз-қалпында сақталып, жедел жеткізілуіне оң әсерін тигізеді. Жұмыста икемділік танытуы мен көп салалы көлік паркінің болуы әмбебап және жеке жеткізу бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік беріп, қызметтің жоғары жылдамдықпен көрсетілуін және баршаға қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. DIMEX Компаниясының мүмкіндіктері хат-хабарларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізуді қамтамасыз етеді. 

DIMEX Компаниясының пайдасы

Меншікті кеңселерінің кең тараған желісі DIMEX қызметкерлеріне ынтымақтастық түзудің барлық сатыларында хат-хабарлар мен жүктердің жылжуын және жеткізілуін бақылап отыруға мүмкіндік береді. DIMEX Компаниясы сіздерге сенімді әрі қауіпсіз жеткізуге кепілдік береді. Сіздің жөнелтіміңізді қорғау технологияларын үнемі жетілдіріп отыратын DIMEX бүгінде төменде аталған қосымша мүмкіндіктерді ұсынады:

- бірнеше дәрежелі қорғанышы бар орам;

- құнды жөнелтімдердің ерекше мәртебесі (құны жарияланған жөнелтімдер);

- жеткізудің барлық сатыларында жөнелтімдерді бақылау жүйесі;

- кепілді жеткізу мерзімдері;

- жөнелтімді «қолдан қолға» қағидаты бойынша жеткізу;

- курьерлердің куәлік алып, бірыңғай киім киюі.

DIMEX заманауи технологиялардың ең үздіктерін пайдаланады. Сондықтан қазіргі кезде курьерді телефон арқылы ғана емес, www.dimex.ws ресми порталындағы «курьер шақыру» бөлімінде жазылған e-mail арқылы да шақыруға болады.

DIMEX өз жұмысын курьер арқылы жеткізу Клиент үшін ҚОЛАЙЛЫ әрі ПАЙДАЛЫ болатындай етіп ұйымдастырады. 

  • Компания тарихы
  • Бүгінгі DIMEX. Сандар мен фактілер
  • DIMEX философиясы
  • Сұр қарлығаштың ұшуы.
Курьерлік қызметтер нарығында 24 жыл
© DIMEX, 1998—2019

Modal title

- Ақтөбе
- Алматы
- Қарағанды
- Нұр-Сұлтан
- Өскемен